Атырау, 29 наурыз 14:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

2 831 просмотра

Image 0Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысында өмірге келген. 1980-1983 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті болды. 1985-1987 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты болды. 2012 жылдың қаңтарында депутат болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне төрағалық етті. 2014 жылдың 3 сәуірінен бастап ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды және "Нұр Отан" ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракция төрағасы болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қыркүйек 2015, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.