Атырау, 23 желтоқсан 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Қырғызстан мен Ресейден сүт және ет өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді

2 432 рет қаралды

Image 0Қазақстан Қырғызстан мен Ресесйден кейбір тағам өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уақытша шектеу ресейлік келесі өнімдерге қойылды: Әртүрлі дәмі бар "HOCHLAND" балқытылған ірімшігі (Хохланд"ЖШҚ); әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі ("Преображенский" ЖШҚ МК); йогурт сусындары ("Кампина" ЖШҚ); "Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей" құрамында сүт бар қойылтылған өнім ("Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ); сосиска өнімі ("Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ); "Шоколайт" және "Голландские" вафлиі ("КДВ Кемерово" ААҚ). Қырғызстандық өнеркәсіптің "Шаруа" сары майын әкелуге тыйым салды.

"Шешім биылғы 8 айда жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды, микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қыркүйек 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.