Атырау, 19 мамыр 21:57
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақ хандығының 550 жылдығы: Астанада «Қазақ елі» монументі алдында халықтық серуендер өтеді

6 723 просмотра

Image 0Биыл қазақ халқы еліміз үшін айтулы мереке – Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуде. Барша қазақстандық үшін тарихи маңызға ие мерекеге арналған негізгі іс-шаралардың бірі бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда басталып, 12 мен 13 қыркүйек күндері де жалғасын табады. Аталған алаңда 50 киіз үй тігілген және демалыс күндері бұл маңда республиканың барлық өңірінің қатысуымен халықтық серуендер ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Мерекелік іс-шаралар бағдарламасына декоративті-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінң шеберлік сағаттары, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері, мерекелік шеру, гала-концерт, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар енген.

Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнері солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясы, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы би әлемі» би фестивалін, «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқы достығы концертін, «Ғасырлар үні» этно-концерті ұсынылады.

Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналған экскурсия ұйымдастырылады.

Дереккөз: bnews.kz

11 қыркүйек 2015, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.