Алматының айырбас пункттерінде 10 қыркүйекте кешкі уақытта теңгеге шаққандағы доллар бағамы теңгенің ауытқу бағамына түскенінен кейін аталып кеткен "қара бейсенбінің" көрсеткішінен асып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айырбас пункттерінің көпшілігінде бір доллардың құны - 258 теңге, сатуға - 260 теңге. Ең жоғарғы көрсеткіш MIRVAN LTD айырбас пунктінде тіркелді: сатып алу - 259, сату - 261. Ал ең төменгі көрсеткіш "ТАС-ПВ EXCHANGE" ЖШС айырбас пункттерінде: сатып алу - 254, сату - 256.
Осылайша өзінің антирекордын жаңартты. Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
Дереккөз: tengrinews.kz