Атырау, 27 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қостанайдың бұрынғы әкімі үй қамауына алынды

1 755 просмотра

Image 0Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов екі айға үй қамауына алынды. Қамауға алу туралы санкцияны Қостанайдың №2 сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ахметжанов автомобильдерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жәрдемдескен және балабақша құрылысында "Стройметсервис" ЖШС-ның мүддесін заңсыз қорғаған.

Осыған дейін оның тағылған айыптармен келісіп, өз кінәсін мойындағаны және тергеуге қатысатыны жайлы хабарланған болатын. Осыны есепке алған прокурор Ахметжановты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.

Экс-әкімнің адвокаттары Ахметжановтың асырауында кәмелетке толмаған екі баласының барын, олардың бірінің 2 жасқа толғанын есепке алуды сұрады. Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

Ал ұсталуының алдында Ахметжанов Қостанай әкімі қызметінен босатылған еді. Сол уақытта Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оның қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлап еді. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібеков тағайындалды.

Ал мұның алдында Ахмедбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Үшеуі де қамауға алынған.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қыркүйек 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.