Атырау, 27 қараша 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей ФКҚ басшыларының сөзі қазақстандық шенеуніктерді есеңгіретіп тастады

1 972 просмотра

Image 0Қазақстандық шенеуніктер Ресейдің Федералды кеден қызметінен бекеттердегі жағдайға байланысты түсінік күтіп отыр, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. РФ кеденінің қызметкерлері қыркүйектің басынан бері қазақстандық тасымалдаушыларды толық тексерістен өткізіп жатыр.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Ерлан Әбсатов Ресей ФКҚ бір тәулік ішінде жауап беруге уәде еткенін айтты.

"(...) Кеше Федералды кеден қызметі басшысының орынбасарының жауапты хатшысымен телефон арқылы сөйлестім. Ол жағдайды түсіндіруге бір тәулік сұрады. Жүргізушілердің мәліметінше, транспорттық көліктер 5-7 күн бойы тұр. Мысалы бір жүргізуші 6 қыркүйектен бері өте алмай тұрғанын айтты. (...) ФКҚ өкілінің айтқаны бізді таңғалдырды, ол Самара, Саратов облыстарындағы кеденде көліктердің тұрғанын неліктен білмейді", - деді Әбсатов.

"Биыл 29 мамырда транзиттік жолда кедергісіз өткізумен қамтамасыз ету туралы қаулыға қол қойылды. Біз кедендік қызметтің өкілдерімен кездесуді өтіндік. (...) Олар жағдайды анықтауға бір күн сұрады. Саратов және Самара кедендеріндегі қызметкерлердің айтуынша, олар Федералды кеден қызметінің тапсырмасымен жұмыс істеп жатыр. Біз басшылыққа осы мәселе бойынша хабарластық. Олар былай деді: "Мен бұл туралы естіген жоқпын, жағдайды анықтау үшін бір тәулік беріңіздер", - деді ведомствоның басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, осы мәселе бойынша 454745 номеріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, whatsapp - 87080888800.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік бақылау басқармасының басшысының орынбасары Ералы Нұралиевтің айтуынша, проблема тек қазақстандық тасымалдаушыларда емес. "(...) Ол жерде тек қазақстандық тасымалдаушылар ғана тұрған жоқ. Федералды кеден қызметінің қабылдаған шаралары туралы толық білмейміз. Осы мәселемен айналысып жатырмыз. Екіжақты кездесу өткізуді сұрадық. 14 қыркүйекте кедендік қызметтің өкілдерінің біріккен жиыны өтеді. Осы сұрақ толығырақ талқыланатын болады", - деді Нұралиев.

Бұған дейін 3 қыркүйектен бастап ресейлік кеденшілер қазақстандық тасымалдаушыларға қатысты толық тексеру өткізіп жатқаны хабарланған болатын. Қазақстандық тарап Ресейдің Федералды кеден қызметіне жағдайға байланысты түсінік беруді сұрап өтініш жолдады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қыркүйек 2015, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.