8 қыркүйек күні сағат 17:05-те сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ҚР ҚК 307-бабы 4-тармағы бойынша, яғни лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановты ұстады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
8 қыркүйек күні Қостанайдың экс-басшысы Ахметбек Ахметжанов үйінде ұсталды. «Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына бұрынғы әкімнің 307-бап 4-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ертең оған қатысты бұлтартпау шарасы шешіледі», - деп мәлім етті Қостанай №2 соты оқу секторының жетекші маманы Гүлзада Жармұхамедова.
Естеріңізге салып өтсек, кеше 8 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен А.Ахметжанов қызметінен босатылған еді.
Тамыз айында Қостанай әкімінің екі бірдей орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян қамауға алынған болатын.
Дереккөз: bnews.kz
9 қыркүйек 2015, 11:39
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.