Атырау, 27 қараша 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астанада полицейлер мен жүргізушілер арасындағы жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды

2 394 просмотра

Image 0

Астанадағы полицейлер мен жүргізушілер арасында болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 тамызда Астанадағы "Шанхай" базарында қалааралық авобустардың жүргізушілері мен полицейлердің арасында жанжал шыққан болатын. Полицейлер мұнда жергілікті тұрғындардың шағымдарынан кейін келді.

"Азаматтарға қасақана дөрекілік көрсеткендері үшін биыл 30 тамызда Алаш көшесіндегі "Шанхай" қалалық базарының автотұрағында қалааралық автобустардың мемлекеттік номерлерін алу кезінде азаматтардың тарапынан ІІД ЖПП қызметкерлерінің талаптарына бағынбаушылық болды. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Осы дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, Астанада адам көп жиналатын орындарда, вокзал маңындағы алаңдарда, "Шанхай" және "Шарын" базарларында бақылау жүргізіліп жатыр. Полицейлер азаматтарға қасақана дөрекілік танытып, көлікпен тасу кезінде күш қолданатындарды анықтайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері 130 мың адам әкімшілік жауапқа тартылған, 642 құқық бұзушы қамауға алынды және 773 миллион теңге көлемінде айыпұл салынды.

"Жүргізілген шаралардың нәтижесінде екі мыңнан астам адам ҚР Кодексінің 449-бабы "Әкімшілің құқық бұзушылық" бойынша жауапқа тартылып, оларға 5-10 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе бес күнге дейін қамауға алу жазасы қолданылды", - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 қыркүйек 2015, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.