Атырау, 27 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан ХҚКО базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады

2 612 просмотра

Image 0Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру кезінде инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ХҚКО базасындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері республикадағы мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру жолымен құрылатынын айтты: "жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "жылжымайтын мүлік орталығы", "мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы".

Оның айтуынша, "канадалық тәжірибеге сүйеніп, алғашқы кезеңде жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемі саласындағы мемлекеттік маңызды қызметтерді көрсету ұсынылды".

"Иә, қайта құрылымдау болады. Төрт ұйым бар болған, олар "Үкімет азаматтар үшін" корпорациясына бірігеді", - деді Сәрсенов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып. Сонымен қатар, ол ХҚКО атауы қолданылмайтынын айтты.

"ХҚКО фронт-кеңседе ғана қызмет көрсетеді, яғни өтініштер қабылдап, нәтижесін береді. Әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясын құру тек өтініш қабылдап қана қоймай, оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуге де мүмкіндік береді", - деді ол.

Яғни, заң жобасында мыналар қарастырылған: "Жер кадастрының ғылыми, өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық кәсіпорындары "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясына біріктіру; мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді оптимизациялау.

Дереккөз: tengrinews.kz


8 қыркүйек 2015, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.