Атырау, 7 қазан 11:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

3 342 просмотра

Image 0

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Мұндай шешім бүгін Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сел мен су тасқынынан зардап шеккен Тәжікстанда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комиссия Қазақстан Үкіметіне осы елге ресми гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік майы мен сары май, қант, күріш, металл бұйымдары мен шифер жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа температурасының күрт артуына байланысты Тәжікстанның көптеген таулы аудандарында мұздықтардың еруі күшейіп, жергілікті нөсер жауын сел мен су тасқынына алып келді. Пяндж, Вахш, Зеравшан, Кафирниган, Исфара және Исфана өзендері бассейндерінің бойында осындай жағдай қалыптасып отыр.

Айта кетейік, 16-21 шілде аралығында Тәжікстанда су тасқыны мен көшкін болдщы. Табиғи апаттың салдарынан 8 адам қаза тапты. Еске сала кетейік, 23 шілдеде Алматыда да сел жүрген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 тамыз 2015, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.