Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпаратынша, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері және Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Аталған жобаны Корея Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Достық бақшасын құрудағы мақсат серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Дереккөз: bnews.kz