Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 тамыз - 3 қыркүйек аралығындағы Қытай Халық Республикасына сапармен барады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли Бейжіңде Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 7-ші отырысын өткізді.
Аталған отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 тамыз-3 қыркүйек аралығындағы Қытайға сапары қарсаңында өткізілді.
Отырыс барысында тараптар ҚР Президентінің ҚХР-на сапары барысында қол қойылуы жоспарланып отырған бірқатар келісімдерді қарап, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруды талқылады, бұл елдерге өзара тиімді серіктестіктің жаңа перспективаларын ашады.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық, транзиттік көліктік жобалар аясындағы өзара іс-қимыл, трансұлттық өзендердің су қорларын тиімді пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Отырыс қатысушылары энергетикалық саладағы, ауыл шаруашылығындағы, ғылыми-техникалық қызметтегі және басқа да салалардағы серіктестікті талқылады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары қытай компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, сондай-ақ Қазақстанның көрме аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) павильонын ашу бастамасына тәжірибелік толықтыру енгізуді ұсынды.
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізді, кездесу барысында тараптар мемлекеттердің мұнай-газ секторы, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да басымдықты салалардағы мемлекеттердің ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігін тілге тиек етті.
Дереккөз: ҚазТАГ