Атырау, 27 қараша 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қырғызстаннан автокөлікті Қазақстанға баж салығынсыз әкелуге 5 жылдан кейін рұқсат етіледі

1 394 просмотра

Қырғызстаннан автокөлікті Қазақстанға ЕАЭО бірыңғай кеден тарифі бойынша баж салығынсыз әкелуге тек 2020 қаңтарынан бастап рұқсат етіледі, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай регламент бүгін, 25 тамызда күшіне енді. Бұл туралы ҚР экономика министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Қырғызстаннан пайдалануда болған автокөліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынған, алайда Қырғызстан азаматының жүргізуінде және транзит түрінде кіруге болады. Ал барлық басқа жағдаqда кедендік баж салығы төленуі керек, бұл ереже Қырғызстанның ЕАЭО құрамына өтпей тұрғанында күшіне енген.

"Қырғызстаннан пұрсатты төлем бойынша әкелінген, басыбайлы берілген, пайдалануға өткізілген автокөліктерді ЕАЭО территориясына кіргізу және пайдалану кедендік баж салығы мен салықтарының айырмасының сомасының төлеген жағдайдағы мағұлымдаудан кейін ғана рұқсат етіледі", - делінген ҚР экономика министрлігінің хабарламасында.

Бірыңғай тарифтер бойынша Қырғызстаннан көлікті Қазақстан территориясына тек 5 жылдан кейін әкелуге рұқсат етіледі. Мұндай шарттар ЕАЭО құрамына ену кезінде Қазақстанның мүддесіне қарай қойылған еді. Себебі Қазақстан тарапы өзінің автомобиль нарығын қауіпсіздендіргісі келді.

Айта кетейік, ҚР экономика министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанға автомобильдерді үшінші елдерден ЕАЭО-ға мүше елдердеге қарағанда төмен төлем көрсеткіштері арқылы әкелуге екі жыл уақыт берілді. Алайда 2020 жылға дейін Қырғызстан бірте-бірте жағдайды теңестіруге міндеттелді.
Дереккөз: tengrinews.kz

25 тамыз 2015, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.