Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 тамызда МАГАТЭ бас директоры Ю.Аманоны және АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
«27 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД елдері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған. Қазақстан Президенті сондай-ақ осы күні МАГАТЭ бас директоры Ю.Аманоны және АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды», - делінген сейсенбі күні Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
«26 тамызда Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ», - делінген хабарда.
Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сол күні ел Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарлануда.
Дереккөз: ҚазТАГ