Атырау, 7 мамыр 12:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Алматы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

2 203 просмотра

Image 0

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен әкім аппаратының жетекшісі қызметіне Марат Сембеков келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Әмірұлы Сембеков Павлодарда дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ҚР әділет, экономика және бюджет жоспарлау министрліктерінде, премьер-министр кеңсесінде жауапты қызметтерді атқарды, әкімшілік-құқықтық және заң бөлімдерін басқарған, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аппарат жетекшісі болған. 2010-2014 жылдары мемлекеттік инспектор, ал кейін жаңа қызметке тағайындалғанша ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде жетекшінің орынбасары болып келді.

Әкім аппаратының осыған дейінгі жетекшісі Бейбіт Қарымсақов жұмысының ауысуына байланысты қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 тамыз 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.