Атырау, 7 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Болашақ» стипендиясымен білім алғысы келетін жастарға талап күшейтілмек.

1 878 просмотра

Image 0Келесі жылдан бастап «Болашақ» стипендиясымен білім алғысы келетін жастарға талап күшейтілмек.

Біріншіден, үміткерлердің барлық санаты үшін жұмыс өтілінің көптігіне басымдық беріледі. Яғни бүгінге дейін 1 жыл жұмыс өтілі жеткілікті болса, бұдан былай «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін кемінде 2 жыл жұмыс істеу міндеттеледі. Екіншіден, ағылшын тілінен жүргізілетін сынақ балы жоғарылайды. Осылайша, мамандар алдағы уақытта шет тілін меңгерудің бір жылдық жүйесі жою жоспарланып отыр. Үшіншіден, техникалық мамандықтарға грантты көбірек бөлу көзделуде. Өйткені осыған дейін шетелде оқыған «болашақтықтардың» 40%-ы ғана осы салада білім алған.

Сонымен қатар отандастарымызды оқытатын университеттердің саны 15-ке қысқартылмақ. Бұл әлемдік деңгейдегі аталған оқу ордаларының рейтингінің төмендеуімен байланысты екен. Айта кетейік, осы уақытқа дейін қазақстандықтар 229 университетте білім алып келген болатын.

Ғани Нығыметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- Биыл «Болашақ» бағдарламасының бюджеті 12,5 млрд теңге болды. Бұл қаражат біздің шетелде оқып жатқан 1600 стипендиатқа жұмсалады. Осы жылға 600 стипендия мемлекет тарапынан бөлініп отыр.


Дереккөз: 24.kz

18 тамыз 2015, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.