Атырау, 7 қазан 09:21
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанның үш азаматы Сириядан эвакуацияланды

1 271 просмотра

Image 0РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Сириядан үш Қазақстан азаматын Мәскеу әуежайына жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

«17 тамыздан 18 тамызға қараған түні Мәскеу қаласының «Домодедово» әуежайына РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Сирия Араб Республикасынан үш Қазақстан азаматы жеткізілді: 1970 жылы туған Салама Татьяна Алексеевна және оның балалары – 1998 жылы туған Салама Риад, 2008 жылы туған Салама Искандер», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазақстан азаматтарын әуежайда ҚР Ресейдегі елшілігінің консулдық қызметкері күтіп алды. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

Дереккөз: bnews.kz

18 тамыз 2015, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.