Атырау, 7 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Назарбаев Университеті биылдан бастап дәрігерлерді де дайындайды

2 276 просмотра

Image 0Мектептің бірінші деканы болып Глазго Университеті Медицина мектебінің деканы, атақты патоморфолог және жасуша адгезиясын зерттейтін биомедицина саласындағы ғалым, доктор Массимо Пинателли (MD, PhD) тағайындалды.

«Медицина мектебі елдегі әрбір медициналық жоғары оқу орны үшін модель болып табылады. Жобаның мақсаты – медициналық білім беру және биомедицина саласында Орталық Азия бойынша хаб құру. Инфрақұрылымды, ресурстар мен саяси тұрақтылықты қоса алғанда, осы мақсатқа жету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», - дейді доктор Пинателли.

Назарбаев Университеті 2013 жылы Питтсбург Университетінің Медицина мектебін Қазақстанда денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ медициналық білім беру және биомедициналық зерттеулер жүргізу саласында жаңа көшбасшылар болуы тиіс дәрігер-зерттеушілерді даярлауға бағытталған Медицина мектебін ашу үшін әріптес ретінде таңдап алды.

Медицина мектебін ашу – Назарбаев Университетінің өз алдына қойған стратегиялық міндеттерінің біріне жету – білімді, ғылым мен клиникалық тәжірибені біріктіретін, осы арқылы Қазақстанда медициналық қызмет көрсетудің жаңа үлгісі болатын интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру үшін жасалған қадам», - дейді Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу.

Медицина мектебі Назарбаев Университеті мектептерінің жетіншісі. Мектеп Университеттің ғылыми орталықтарымен, сондай-ақ Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингтің алты медициналық клиникасымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Басым бөлігі Назарбаев Университетінде жоғары білім алған НУ Медицина мектебінің алғашқы 20 студенті қазақстандық және халықаралық оқытушылардан ағылшын тілінде білім алады. Питтсбург Университетінің зерттеу әдістемесі жақын арада Медицина мектебінің төрт жылдық академиялық бағдарламасына енгізіледі.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің академиялық бағдарламасы Питтсбург Университетінің қолдауымен америкалық модель бойынша әзірленеді. Осылайша, білім беру инфрақұрылымы құрылады, ұйымдық және әкімшілік құрылым жоспарланады, қағидалар мен рәсімдер бекітіледі, оқу жоспарлары әзірленеді, сондай-ақ қазақстандық клиникалардан оқытушы-дәрігерлерді тарту арқылы клиникалық практика қамтамасыз етіледі.

Дереккөз: bnews.kz

18 тамыз 2015, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.