Атырау, 7 қазан 07:23
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ҚР СІМ: Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

2 412 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат -Бангкоктағы жарылыстан қаза болған мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ.

«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Бангкок қаласының туристік ауданында 2015 жылы 17 тамызда болған жарылыс нәтижесінде қаза болған мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары анықталған жоқ.

Таиланд құқық қорғау органдарының жарылыстың қайталану қаупінің сақталынуы туралы ескертуін назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына қаланың орталық аудандарына, адамдар көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес береді», - деп жазылған хабарламада.

Дереккөз: inform.kz

18 тамыз 2015, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.