Атырау, 7 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Астанада «Банк ЦентрКредит» қызметкерінің 30 мың долларын ұрлап кетті

1 892 просмотра

Image 0Бүгін таңертең қаскүнемдер «Банк ЦентрКредит» АҚ ғимаратына желдеткіш шахтасы арқылы кіріп, қызметкерлердің бірінің өзі жинаған 30 мың долларға жуық қаржысын ұрлап кеткен, деп хабарлайды BNews.kz.

«Хабарлама Астана қаласы ІІД Шұғыл басқару орталығының пультіне таңғы сағат 9:00 шамасында түсті. Қаскүнемдер жертөледегі ғимаратқа желдеткіш шахтасы арқылы кірген. Олар техникалық қызметкерлерге арналған кабинеттің есігін бұзып, сейфтен 30 мың долларға жуық қаржыны алып кеткен», - деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз:bnews.kz


17 тамыз 2015, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.