Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шымкентте тағы бір жарылыстан 11 жастағы оқушы қыз зардап шекті

2 195 просмотра

Image 0Шымкентте тағы бір жарылыстан 11 жастағы оқушы қыз зардап шекті, бұл дерекке байланысты тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОҚО ІІД Еңбекші ПБ қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы оқиға орнына 12 тамызда 13.00-де жетті. Олар 12.40-та болған шу мен термиялық әсер әкелген жарылыстан 11 жастағы оқушы қыздың зардап шеккенін анықтады. Қыз бірінші дәрежелі күйік алды. Ол ауруханаға барудан бас тартты", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жарылыс жасады деген күдікпен Чапаевка ауданының 1993 жылғы тұрғыны ұсталды, оның бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. "Аудандық бөлімнің тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте тағы бір жарылыстың болғаны хабарланған еді. Жарылыс қаладағы "Оңтүстік" ықшамауданында болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 тамыз 2015, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.