Атырау, 27 қараша 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ахметов пен Әбдішев айыбын мойындамайды

2 319 просмотра

Қарағандыда бүгін Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы шенеуніктерінің үстінен өтіп жатқан сотта тараптар сөзбен дауласып қалды. Сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұрынғыпремьер-министр Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев сот процесінің жүргізілу барысына шағымдарын білдірді. Олар судья айыптау актісін оқығаннан кейін өздеріне тағылған айыптауға қатысты іс бойынша сұрақ-жауап алғанға дейін ұстанымдары мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді.

Ахметов пен Әбдішев өздеріне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Судья Исламхан Есенбаев сотталушылардың құқықтары бұзылмағанын және сот сот процесінің кезеңдерін анықтайтынын жеткізді.

Ахметов пен Әбдішевтің шағымын басқа сотталушылар да қолдады. Қарағандының жер қатынастары басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин өзіне тағылған айып бойынша қылмысты жасамағанын, тек өзінің қызметтік міндетін атқарып, басқарушылық шешім қабылдағанын айтты.

Сотталушылар, "ҚазАгроФинанс" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Ғұмар Рахымжанов пен "Қазақстан өнеркәсіп корпорациясы" компаниясы бас директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаев сотта айыптарын мойындайтынын мәлімдеді. Кейбір сотталушылар соттың бұл кезеңінде өз ұстанымдарын білдіруден бас тартты.

Қарағандыда 27 шілдеде басталған сотта Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен облыстық және қалалық әкімдіктің 21 қызметкеріне қатысты іс қаралып жатыр. 21 адамға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметовке бұдан өзге, "аса ірі көлемде пара алды" деген де айып тағылып отыр. Сот ісіне 300-ге тарта адам куәгер ретінде тартылған.

Дереккөз: azattyq.org

13 тамыз 2015, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.