Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сай, Конституция күніне мерекелік демалыстар қазақстандықтар үшін 3 күнге созылады.
Ағымдағы жылы 30 тамыз жексенбіге сай келеді. Жоғарыда аталған заңға сай, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
Сөйтіп, қазақстандықтар 29, 30 және 31 тамызда демалады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыздағы референдумда қабылданған.
Дереккөз: ҚазТАГ