Атырау, 27 қараша 18:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан және Қырғызстан президенттері кедендік шекараның ашылғанын ресми жариялады

2 350 просмотра

Image 0Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кедендік шекараның ашылғанын ресми жариялады, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігі.

«Шекараның ашылуы біздің мемлекеттер үшін заманалық маңызы бар оқиға. Бұл бизнесті дамытуға көмектеседі, біздің халықтардың жақындасуына септігін тигізеді. Бауырлас қырғыз халқына бақыт және аман-саулық тілеймін», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде А. Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасында «шлагбаумдар болмауы керек» деп атап өтті

«Біз барлық шекара мен кедендік бақылауды алып тастауымыз керек. Бауырлас қазақ халқы мен оның көшбасшысына ақыл-кеңестері мен тілектері үшін рақмет», - деді Қырғызстан президенті.

Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-Жол-Автодорожный» (Қырғызстан), «Қордай» (Қазақстан) өткізу қосынанда ҚР премьер-министрі Темір Серіков және ҚР бірінші вице-премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан және Қырғызстан президенттерінен шекараны ашуға рұқсат сұрады.

Мемлекет басшылары телекөпір режимінде қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік постардың алынып тасталатынын ресми жариялады.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 тамыз 2015, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.