Атырау, 27 қараша 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

"Қарашағанақ петролиум оперейтингке" 64,22 тонна қалдықты заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

2 506 просмотра

Image 0"Қарашығанақ петролиум оперейтинг" компаниясына Қарашағанақ кен орнынан шыққан 64,22 тонна сұйық қалдықты заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Мой город". Мұндай ақпаратты БҚО Бурлинский ауданы прокурорының орынбасары Нұрлыбек Мұсағалиев айтты.

Оның айтуынша, қалдық жергілікті ұңғымалардың бірінің аумағындағы "қоймада" сақталған. "Қарашағанақ петролиум оперейтинг б.в." қызметкерлері қалдыққа байланысты қауіпсіздік шараларын сақтамаған және оларды залалсыздандыру, қауіпсіз жою жұмыстарын жүргізбеген", - деді ол. Оның айтуынша, "Қарашағанақ петролиум оперейтинг б.в." компаниясына 30 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, осындай сомада шығын өндіру де көзделіп отыр. Осыған орай қазір сұйық қалдықтарға сараптама жүргізіліп жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Қарашағанақ петролиум оперейтинг б.в." - 1997 жылы құрылған компания. 2014 жылы мұнай шығару 142,5 миллион баррель болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 тамыз 2015, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.