Атырау, 27 қараша 18:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бурабайдағы балалар лагерінде қайтыс болған қыздың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты

2 094 просмотра

Image 0

Бурабайдағы балалар лагеріндегі демалысынан кейін қайтыс болған қыздың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты. Мамандар сараптамасының қорытындысына сәйкес, Аружан Әбілдинаның өлімінің алдын алуға әбден болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі ішкі істер министрінің жауабына сілтеме жасап, ол мемлекеттік орган басшыларының ресми блог-платформасына жарияланды.

Бұған дейін қаза тапқан қыздың туыстары оның өлімінің себебін анықтау үшін Қазақстан ішкі істер министрінен көмек сұраған болатын.

ІІМ басшысы қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізген мамандардың қорытындыларына сәйкес, бұл іс бойынша өндірістің жаңартылғанын айтты.

"Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, "Континент" БСЛ (балаларды сауықтыру лагері - Авт.) медициналық персоналы кәсіби міндеттерін тиісінше орындағанда, нақтырақ айтқанда - 04.07.2014 жылы науқасқа баламалы ауыз-регидратациялық терапиясын жүргізіп, динамикалық жағдайын бақылағанда, 05.07.2014 жылы уақытында білікті медициналық көмекті ұйымдастырғанда, 06.07.2014 жылы жедел жәрдем көрсетілгенде Сіздің жиеніңіздің өлімін болдырмауға болатын еді", - делінген мәтінде.

Сонымен қатар, 2015 жылы 24 шілдеде "Континент" БСЛ мейірбикесіне қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі бірыңғай реестрге ҚР ҚК 114-бабы 4-бөлігі ("Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру" - Авт.) бойынша тіркелгені хабарланды.

Қазіргі таңда қылмыстық істі аяқтап, сотқа жөнелту үшін тергеу амалдары жоспарланып жатыр.

Еске сала кетейік, әңгіме өткен жылдың жазында болған оқиғағақатысты. Ол кезде ақпарат құралдары Көкшетау ауруханасында 9 жастағы қыздың көз жұмғанын хабарлады, ол "Континент" балалар лагерінен ес-түссіз күйде жеткізілген.

Бастапқыда Аружан Әбілдинаның ішек инфекциясынан көз жұмғаны хабарланды. Алайда кейін, 2014 жылы 11 шілдеде қыздың денесі сойылып, қорытындысы жария етілді. Сот-медициналық сарапшысының алдын ала қорытындысына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өліміне "екіжақты пневмония, неврит, нақты белгілері жоқ сол жақтағы жарақаттың жарылуы, өзінен-өзі жарылу себеп болды". Осы оқиғаға қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпеу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, "Континент" балаларды сауықтыру орталығында қызметтік тергеу жүргізу үшін ол жаққа облыстық комиссияның жіберілгені хабарланды. Ол кезде білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл мәселені жеке бақылауына алды.

Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің баспасөз қызметіндегілер көз жұмған Аружан Әбілдинадан ішек инфекциясының табылмағанын мәлімдеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 тамыз 2015, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.