Атырау, 11 наурыз 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Алматыдан 333 километр қашықта жер сілкінді

2 056 рет қаралды

Image 0Көрнекі суретАлматыдан оңтүстік-батысқа қарай 332 және 333 километр қашықтықтарда бүгін екі рет жер сілкінді деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 10 тамыз күні Қырғызстан аумағында Алматы уақыты бойынша сағат 18:31-де болған. Жер сілкінісінің қуаты 5,1 магнитуданы құраған.

Жер сілкінісі дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Мұның алдында қазақстандық сейсмологтар Астана уақыты бойынша сағат 16:05-те Тәжікстан аумағында қуаты 5,7 магнитуданы құрайтын жер сілкінісін тіркеген. Ол жер сілкінісінің дүмпуі Шымкент пен Тараз қалаларында сезілген.

Дереккөз: azattyq.org

11 тамыз 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.