Ахметжан Есімов "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.
"Мемлекет басшысы А.Есімовті "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп тағайындады", - делінген хабарламада.
Ахметжан Есімов әкім қызметін 2008 жылдың сәуірінен бастап атарып келеді. 2001 жыл мен 2006 жыл аралығында Ауылшаруашылық министрі, ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылы ҚР Ауылшаруашылық министрлігін қайта басқарды. Министр қызметіне дейін Бенилюкс мемлекеттеріндегі ҚР Төтенше және өкілетті елшісі болды. 1998 жылы Президент әкімшілігін жарты жыл басқарды. 1996 жылы мемлекеттік хатшы болып үлгерді. 1996 жылдан 1998 жылға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары, сонымен қатар 1997 жылы Премьер-министр болды.
Еске салайық, осыған дейін Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz