Атырау, 27 қараша 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

3 591 просмотра

Image 0Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.

"Н.Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі Бауыржан Байбекті таныстырды", - делінген хабарламада.

Бауыржан Байбек - 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) "Неміс тілі"; "Болашақ" бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті , атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 тамыз 2015, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.