Атырау, 27 қараша 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сот Әліби Жұмағұловқа қатысты істің мән-жайын жария етті

2 022 просмотра

Image 0Сот Әліби Жұмағұловқа қатысты істің мән-жайын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді шығару кезінде судья Ербол Рахымбеков айғақтарды есепке ала отырып мыналарды бекітті:

"2015 жылдың 3 сәуірінде сотталушы Жамалиев азаматтық некедегі әйелі Исина мен Жұмағұловтың таныстығы жөнінде біледі. Олардың арасында жыныстық қатынас болды деп күмәнданған Жамалиевте қызғаныш туады. 2015 жылдың 21 сәуірінде Жамалиев жәбірленушіні өз үйіне шақырған".

Жұмағұловтың келуін күткен Жамалиев пен Әбілтаев жәбірленушіге адам өліміне қатысты жаланы заңсыз жаппақ болып ойласады. Жұмағұлов пәтерге келген соң Әбілтаев пен Жамалиев жәбірленушге аяқпен, қолмен бетіне және басқа да дене мүшелеріне аяусыз соққы жасайды. Осы кезде Жамалиев қолына стақан алып, Жұмағұловтың сол жақ құлақ тұсын, ернінен ұрып, кейін оның басына тәрелкемен ұрады. (...) Мұрнынан қан кеткен жәбірленушіге олар әжетханаға барып жуынуға рұқсат берген", - деді ол.

"Осы кезде Жамалив пен Әбілтаев жыныстық мәндегі зорлау әрекетін жасау туралы ойға келеді", - деді Рахымбеков.

"Сағат 22.23-те Жамалиев пәтеріне Прибытковты шақырған. (...) Жамалиев жәбірленушіні ұрып жатқан кезде Прибытков Жұмағұловтың автомобильмен келгенін білген. Осы кезде Жамалиев біреудің мүлкіне алаяқтық жасау туралы ойға келеді. Жұмағұловты ұрған Жамалиев, Әбілтаев пен Прибытков жәбірленушіден BMW автомобилінің кілтін беріп, оны өз аттарына жазып бер деп қинайды. Өз өмірі үшін қорыққан Жұмағұлов оларға кілтті берген. (...) Алаяқтық жасағаны үшін Жамалиев жәбірленушіге 4 миллион 626 мың 420 теңге шығын келтірді", - деді судья.

Сонымен қатар, ол сот-медициналық сараптамасы нәтижесінде Жұмағұловтың жабық бассүйек-ми жарақаты, бастағы қанталау, құлақ қуысының жарақаты, көздегі қанның ұйылуы, жоғарғы ернінің шырыш қабығының жарақаты, бет сүйегінің сынуы, бас миының шайқалуы жарақаттарын алғанын айтты.

Судья куәгерлердің берген түсініктерін де жариялады. Ол сотталушы Жамалиевтің тек дене жарақаттарын түсіргенін мойындағанын айтты. Сонымен қатар, сотталушы Жамалиевтің Айнур Исинамен некеде екенін, ортақ балалары бар екенін мәлімдеді.

"2015 жылдың 3 сәуірінде оған бұрын танымайтын Жұмағұлов есімді азамат қоңырау шалып, Исинаға қатысты ақпарат айтқан. Жұмағұловпен кездескеннен кейін ол жәбірленушімен Исинаға енді хабарласпауға, отбасын жайына қалдыруға келіседі. 2015 жылдың 21 сәуірінде ол Жұмағұловтың Исинаға қайта хабарласқанын біледі. (...)", - деді судья.

"Жәбірленуші сотқа Айнұр Исинамен 2014 жылдың 9 қарашасында танысқанын дәлелдеді. Танысқан кезде ол күйеуі бар екенін айтпаған. Олар екі жарым ай бойы жақын қарым-қатынаста болған. Осыдан кейін Айнур бес жасар баласы бар екенін айтады. Жәбірленуші мұны білген соң одан бас тартпақ болған, дегенмен сезімінің күштілігіне орай бірден кетіп қала алмады. Әңгіме барысында ол баласының әкесі бар екенін, атының Қайрат екенін айтқан. (...) Наурыз айының соңында ол Исинадан өзін жайына қалдыруды сұрап, болмаса күйеуіне айтатынын ескертеді. Үйінен шығып кеткен ол жасырын номермен Қайратқа қоңырау шалып, Айнұрмен қарым-қатынасы туралы айтқан. (...)", - деді Рахымбеков Жұмағұловтың түсінігін айта отырып.

Еске сала кетейік, бүгін кәсіпкер Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің 13 жылға сотталғаны, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болғаны жазылған еді. Сонымен бірге, оның мүлкі тәркіленеді. Бұл істі қарап жатқан сот төрағасы Ербол Рахымбеков биылғы 11 маусымда басталған атышулы сот процесіне нүкте қойды. Соттың жабық түрде өткен іс қарауы екі айға жуық уақытқа созылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 тамыз 2015, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.