Атырау, 27 қараша 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

СІМ: Қаза тапқан қазақстандық Аида Сарбаеваның денесін Астанаға жеткізеді

1 510 просмотра

Image 0

Түркияда жол апаты кезiнде қаза тапқан қазақстандық турист Аида Сарабаеваның Астанаға жеткізеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы iстер министрлiгi ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев.

Түркияда жол апаты кезiнде қаза тапқан қазақстандық турист Аида Сарабаеваның Астанаға жеткізеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы iстер министрлiгi ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев.

"Бүгiн Аида Сарабаеваның денесiн таныды, ол оқиға орнында қаза тапқан. Бiз оның барлық туыстары мен жақындарына көңiл айтамыз. Бiздiң бiлуiмiзше, Аиданың әкесi — бiздiң әрiптесiмiз, "Астана" телеарнасында телеоператор болып қызмет атқарады. Көз жұмған Аиданың ата-анасы Алматыдан Анталияға аттанды. Консулымыз сол жақта барлық көмектi көрсетiп жатыр", — дедi Әбибллаев.

Оның сөзiне қарағанда, Түркияда жол апатынан алты адам жапа шеккен. Олардың бiрi медициналық көмектен кейiн ауруханадан шыққан.

"Қазақстан азаматтары Кемер қаласында демалған. Бес адам қазiр ауруханада. Барлығы медициналық сақтандырудың есебiнен емдерiн алып жатыр", — деп атап өттi ресми өкiл.

"Министрлiк Аиданың денесiн ертең немесе жексенбiде алып келу үшiн Түркияның құқық қорғау органдарына сот медициналық сараптамасын жеделдету бойынша өтiнiш тастады. Қыздың ата-анасы оның мүрдесiн Қарағандыға әкелудi сұрауда. Бiрақ Анталиядан Қарағандыға тiкелей рейс жоқ. Сондықтан оның денесi алдымен Астанаға жеткiзiледi", — дейдi А. Әбибуллаев

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.




7 тамыз 2015, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.