Атырау, 23 желтоқсан 08:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ШҚО-да аударылып қалған рейс автобусы: Зардап шеккендердің арасында екі бала бар

2 001 рет қаралды

Image 0

Шығыс Қазақстанда болған жол апатының салдарынан зардап шеккендердің арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Үржар аудандық орталық ауруханасына 7 адам жатқызылды, оның екеуі бала. Бірі - төрт, екіншісі сегіз жаста.

"Дәрігерлер зардап шеккендерге бассүйек-мидың жабық жарақаты деген диагноз қойды, екі адамның бірнеше жері сынған. Қалған жолаушыларды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. Оларды жол апаты болған жерде дәрігерлер қарап, медициналық көмек көрсетті", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үржар ауданында "Таскескен-Бақты" тас жолында 48 жолаушысы бар рейс автобусының аударылып қалғаныхабарланған болатын. Жолаушылардың арасында 15 бала бар. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2015, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.