Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан өте зәру мамандықтар бойынша шетелдік дәрігерлерді тарту процедурасын оңтайландырады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жергілікті және өңірлік еңбек ресурстары нарықтарындағы медицина қызметкерлерінің көші-қонын басқару тетіктері енгізіледі. Өңірлік және жаһандық экономикалық интеграция үдерістерін ескере отырып денсаулық сақтау саласындағы отандық еңбек нарығына шетелдік жұмысшы күшін тарту қағидалары мен тәртібі, соның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша шетелдік мамандар тартуды жеңілдету шаралары жетілдірілетін болады», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының төлқұажтында
Мембағдарламаның төлқұжатында атап көрсетілгендей, АР тұрақты түрде мониторингтеу, болжау және жоспарлау негізінде қажетті мамандықтар мен қызметтер бойынша кадрларды қайта бейіндеу және қайта бөлуді мемлекеттік қолдау, соның ішінде жаға құзыреттерге тегін үйрету шаралары, басқа да материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылатын болады.
Дереккөз: ҚазТАГ