Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. British Airways 2015 жылдың 13 қазанынан бастап Қазақстанға әуе рейстерін жасамайтын болады, деп хабарлады әуе компаниясы.
«13 қазаннан бастап British Airways рейстер өз-өздерін ақтамайтыны себепті, Қазақстаннан және Қазақстанға баратын ұшуларды тоқтатады», - деп хабарлады әуе компаниясы ҚазТАГ агенттігі жұмада.
12 қазаннан кейінгі рейстерге билет сатып алып қойған барлық жолаушыларға құнын толық қайтарады. Егер билет турагенттіктен алынған болса, онда тура турагенттікке жүгіну қажет.
Дереккөз: ҚазТАГ