Атырау, 27 қараша 15:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астана әділет департаментінде алименттен қарыздары барлардың көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынып отыр

2 006 просмотра

Image 0Астана. 24 шілде. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Астана әділет департаментінде алименттен қарыздары барлардың көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынады, деп хабарлады елордалық юстиция департаментінің жетекшісі Қанат Мусин.

«Қазір біз алимент төлемейтіндерге шара ретінде оның жүргізуші құқығын айыру тәжірибесін қолданып та жатырмыз. Ол заңмен қарастырылған бір шара. Ондай әдісті Батыс Қазақстан және Ақмола облысындағы әріптестеріміз іске асырып жатыр. Қазір біз ондай әдісті Астана қаласында қолдану жолдарын пысықтап жатырмыз. Ол әдіс те пәрменді әдіс», - деді жұма күнгі баспасөз мәслихатында Қ. Мусин.

«Біз алимент төлейтіндерге дер кезінде қарыздарын өтеп отыруы үшін «Қазақтелекоммен» келісімге отырып, оларға «Қазақтелефон» «автодозвон» қызметі арқылы алимент қарыздарының барлығын еске салып отырады. (...) Одан басқа біз қазір «Билайн» және «Алтел» ұялы байланыс операторлармен келісіп, олар да алимент борышкерлерге sms-хабарлар салып тұруы туралы уағдаласып жатырмыз», - деді ол.

«Жүргізуші құқығын тоқтату сот шешімі арқылы болып, борышкер қарыздарынан құтыла салысымен қайтадан сот шешімі арқылы жүргізуші құқығы қайтарылады. Куәліктің тоқтату мерзімі алименттің қаншалықты тез өтелгеніне байланысты», - деді ол.

Оның айутынша, әзірге Астанада жүргізуші құқығын алып қою тәжірибесі енгізілмеген.

«Біз келесі айда ондай шараның нәтижесін көреміз және оны жариялаймыз», - деді Қ. Мусин.

Оның айтуынша, тек елордалық 1484 алиментшіге Қазақстаннан сыртқа шығуға тыйым салынған.

«Қазақстаннан сыртқа шығуды шектеу, алимент өндірудегі өте тиімді әдіс. Ел әл-ауқаты жақсарып келеді, олар шетелдерге шыққысы келеді», - деді Қ. Мусин.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 шілде 2015, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.