Атырау, 7 қазан 01:33
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Қайсар» футбол клубынының басшылығы қызметінен кетті

1 774 просмотра

Image 0ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қайсар» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды. Бүгін бас бапкер Дмитрий Огай, клуб директоры Руслан Балтиев және команда басшысы Евгений Веретнов қызметтерінен босатылды, деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Олардың орнына клуб директоры міндетін атқарушы болып бұған дейін директордың орынбасары болған Әлназаров Жаңабек Шәріпбайұлы тағайындалса, бас бапкердің міндетін атқарушы болып қызметке осы уақытқа дейін бас жаттықтырушының көмекшісі болып келген Әбілдаев Cұлтан Тоқатайұлы кірісті.

Айта кетейік, Дмитрий Огай «Қайсар» футбол клубын 2014 жылғы футбол маусымынан бастап жаттықтырып келді. Өткен маусымда команда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионатында үздік бестіктен көрінді. Алайда, биыл команда сәтсіз ойын көрсетіп жүр. 21 турдан кейін «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасында 17 ұпай жинап, 10-орында.

Облыс басшылығы Дмитрий Огай, Руслан Балтиев және Евгений Веретновқа серіктестік үшін алғыс білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Дереккөз: inform.kz

23 шілде 2015, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.