Атырау, 27 қараша 15:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады - сауалнама

1 940 просмотра

Image 0

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына сілтеме жасап. Мұндай қорытынды Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматыда жүгізілген сауалнама нәтижесінде алынды.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызының ақшаларын үйде сақтайтындары анықталды, 38 пайызы - жеке немесе отбасылық кірістің және шығыстың есебін жүргізбейді, 43 пайызы - банк депозиттерінің сақтандандыруы туралы білмейді, тек 6 пайызы сақтандырудың ең жоғары сомасын атай алады. "Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Халықтың қаржы сауаттылығы деңгейінің төмен болуы қаржы секторына кедергі келтіреді, себебі оның дамуы ел экономикасының өсімімен тікелей байланысты", - дейді ұйымдағылар.

Айта кетейік, 2014 жылы қазанда Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры қазақстандықтардың 50 пайызының несие уақытын өткізіп алмауды білмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, таяуда БЖЗҚ Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең жоғары көлемікімдерде екенін хабарлады. Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде екені белгілі болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 шілде 2015, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.