Атырау, 25 желтоқсан 12:15
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр

1 836 рет қаралды

Image 0Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Мұндай санды ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады және ол қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына әсер етеді", - деп келтірді әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған мәліметті Тұтқышев. Ол бұл жағдайдың Оңтүстік Қазақстанға байланысты екенін айта кетті.

"Олардың ата-анасы, бауырлары бар, мұндай жағдай қайдан туындайды? Бұл жұмыс мемлекеттікі емес, ата-ананыкі. Мемлекет баланы өмірге келген күннен бастап тәрбиелей алмайды. Тәрбие мәселесіне көңіл бөлу аса маңызды", - деді Тұтқышев.

Айта кетейік, бұған дейін Жыныстық және репродуктивтік саулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басшысы Галина Гребенникова жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейінің жоғары қалыпта сақталып отырғанын айтқан болатын - Қазақстандағы жүктіліктің жалпы санының 3 пайызына тең.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 шілде 2015, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.