Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары Темір Сариев пен Кәрім Мәсімов қазақстандықтардың Ыстық-Көлге баратын жолын қысқартатын Алматы-Шолпан Ата автожолы құрылысы жөнінде келісті, деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.
АСТАНА, 20 шіл — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары Темір Сариев пен Кәрім Мәсімов қазақстандықтардың Ыстық-Көлге баратын жолын қысқартатын Алматы-Шолпан Ата автожолы құрылысы жөнінде келісті, деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта Алматы-Тамчы қатынасы бойынша тікелей әуе рейсі жолға қойылды, бірақ ол аз. Алматы-Шолпан Ата жоғары жылдамдықты жолын салуымыз қажет. Жол Кемин, Михайловка арқылы өтеді. Біздің органдарға осы мәселені пысықтау тапсырмасын беруге болатын еді. Біздің тарапымыздан Кеминге дейін (Бішкек-Нарын-Торугарт) жол салынған. Жол салу жалғастырылса, ара қашықтық небәрі 250 шақырым ғана болады. Сонда қазақстандықтар Ыстықкөлге 2,5 сағатта жете алады", — деп келтіріледі Сариевтің сөзі.
Өз кезегінде Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға тас жол салу мәселесін жеделдетуді тапсырды.
"Менің ойымша, бұл тамаша жол болады. Адамдар Қырғызстанның көрікті табиғатын тамашалауы үшін сүрлеу жол арқылы жаяу жүру жағдайын тудыру мақсатында тиісті үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаластық", — деп қосты Мәсімов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Сариев қазақстандықтарды Ыстықкөлге жиі келуге шақырды. Премьер-министр К.Мәсімов студенттік шағынан бері Ыстықкөлге енді ғана жолы түсіп отырғанын жеткізді.
Дереккөз: newskaz.kz