Атырау, 27 қараша 15:38
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қарағандыда жоғалып кеткен қызды өлтірді делінген күдікті ұсталды

1 864 просмотра

Image 0Қарағандыда 16 шілдеде жоғалып кеткен Ирина Шевченко есімді қызды өлтірді делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 жастағы ер адам қыздың автомобилін тастаған үйдің маңында ұсталған. "17 шілдеде Қарағанды қаласы ІІБ Орталық бөлімшесіне қыздың анасы хабарласып, BMW маркалы автомобильмен кеткен қызының жоғалып кеткенін мәлімдеген. Әйел қызының 16 шілдеде белгісіз ер адамға көлігін көрсетуге кеткенін, сол күйі оралмағанын айтты. Таныстары мен туыстары қыздың жоғалып кеткені туралы хабарды әлеуметтік желілерде таратқан", - деді полиция өкілдері.

Қызды өлтіргенін мойындаған күдікті қала тұрғыны болып шықты. Ұсталушының айтуынша, өзі армандаған автомобильді қыз бөліп төлеуге сатуға келіспегендіктен осындай қадамға барған. Полицейлер ұсталушының BMW маркалы автомобильдің сатылатынын Интернет арқылы біліп, қызбен кездескенін айтты.

"Өзінде ақша болмағанына қарамастан ол қыздан автокөлікті бөліп төлеуге сатуын сұраған. Дегенмен қызбен келісе алмаған ол қызды өлтірген. Ол қызды айдалаға апарып, оны ұрған, басынан соққы жасаған. Кейін денесін жақын маңдағы қоқысқа тастап, көлікті үйлердің бірінің ауласына қалдырған, ал кілтін лақтырып жіберген", - деді ІІД өкілдері. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде 1987 жылғы Ирина Шевченко белгісіз ер адамға автомобилін сату үшін көрсетуге кеткеннен оралмаған. 18 шілдеде әлеуметтік желілерде қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама таралды. Туыстары қыздың автомобилінің табылғанын, дегенмен қыздан хабар жоқ екенін айтты. Кейін Иринаның денесінің табылғаны туралы хабарды Tengrinews.kz тілшісіне Шевченконың ағасы хабарлады.

Дереккөз:tengrinews.kz

20 шілде 2015, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.