Атырау, 13 ақпан 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Павлодар облысында вагондар рельстен шығып кетті

2 832 рет қаралды

Image 0

Павлодар облысында сұйытылған газы бар цистерналар темір жолда аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылы 15 шілдеде Павлодар жол бөлімі Екібастұз-Ерейментау учаскесінің Шідерті станциясында №2113 жүк пойызының сұйытылған газға толы үш цистернасы рельстен шығып кетті. Пойыздардың қозғалысы көршілес жолдармен жүзеге асырылып жатыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Апаттың салдары қалпына келтіріліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабар түспеді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-та арнайы комиссия құрылды. Оқиға салдарын жою жұмыстарына Павлодардың жол бөліміне тиесілі қалыпқа келтіру жабдықтары қолданылып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 шілде 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.