Бүгін Астана мамандандырылған ауданаралық сотында Әліби ісіне қатысы бар үшінші фигурант Арман Әбілтевтың ісін қарау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, осы іс бойынша басты сот отырысы 11 маусымда басталған болатын. Ол кезде сот алдына Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков келді. Арман Әбілтаев болса ол кезде іздеуде болған. Сот процесі басталғаннан кейін бір аптадан соң Әбілтаев ұсталды. 2 шілдеде Әбілтаевтың ісі прокуратурадан мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.
Еске сала кетейік, сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Соттың мәліметінше, процеске қатысушылар Әбілтаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар іздеп жатыр, ал ол өзі кінәсін мойындаған жоқ. Осыған орай Әбілтаев пен Жамалиевтің істері біріктірілді. Процесс қатысушылары куәгерлердің сөздерін тыңдап, іс материалдарын қайта қарайды.
Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деп отыр.
Дереккөз: tengrinews.kz