Атырау, 27 қараша 15:45
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алматыда бір бөлмелі пәтерлер аяқасты арзандап кетті

2 061 просмотра

Image 0Алматыда бір бөлмелері пәтерлердің бағасы соңғы бес жылда алғаш рет кенеттен түсіп кетіп отыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Маусымда жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу мамырға қарағанда 20 пайызға өсті, мұндай жағдай елдің барлық аумағында болды, оның ішінде Алматы ерекше көзге түсті. Дегенмен, риелторлардың айтуынша, жаңа және екінші деңгейді пәтерлердің бағасы өзгермеген. Мұны статистикадан да байқауға болады. Сарапшылардың айтуынша, сатып алушылардың көбеюі ипотекалық несиенің жаңаруымен байланысты.

"Маусымнан бастап бірнеше банк ипотека бере бастады, сондықтан да сауда-саттық көбейіп отыр. Дегенмен бұл бағаның өсетінін білдірмейді. Менің ойымша, егер ипотекалық несие осылай беріле берсе, баға осы деңгейде қалу керек", - деді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Көптілеу Жалмаханов.

Сонымен қатар, бір бөлмелі пәтерлердің құны кенеттен түсіп кеткен. Мысалы мұндай пәтерді Әуезов ауданынан 42 мың долларға алуға болады. Риелторлар баға әлі де түсетінін айтып отыр. Елімізде жалға берілетін әлеуметтік баспаналар тапшы.

"Менің ойымша, алдағы 2-3 жылда жылжымайтын мүліктің құны тағы да түседі. Қазақстанда эконом кластағы баспаналарды салу қолға алынбай жатыр, көбіне халыққа арналған тұрғын үйлер салыну үстінде. Біздің экономикамызға әсер ететін бірнеше фактор бар - ол мұнайдың бағасының төмендеуі, бюджеттің азаюы, осыған сәйкес бюджеттің барлық бағытта жұмсалуы", - деді экономист Уәлихан Төлешев.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 шілде 2015, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.