Алматы. 14 шілде. ҚазТАГ – 2,3 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметкер ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа пәтер алады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жоспар бойынша жарты жылдан кейін ҚР ҚК 1000 әскери қызметшісі және олардың отбасы мүшелері жаңа пәтерлерге қоныстанбақ. Астана, Алматы қалаларында, Гвардейск әскери қалашығында, сондай-ақ Сарыөзек, Б. Момышұлы, Отар және Арнасай ауылдарында жаңа тұрғын үйлер тұрғызылуда. Атап айтсақ, 1000 тұрғын үйдің жалпы аумағы 70 459, 7 шаршы метрді құрайды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Осы ретте ағымдағы жылы жоспарланған тұрғын үй құрылысының бүгінгі күнге дейін 60% аяқталғаны атап өтіледі.
Одан өзге, жыл аяғына дейін барлығы 92 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаңын тұрғызу, жөндеу және тапсыру жоспарланып отыр.
«Биылғы жылы барлығы 92 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаңын тұрғызу, жөндеу және тапсыру жоспарланып отыр. Оның аясында Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында,сондай-ақ Гвардейск, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай және Ақмол ауылдарындағы 1 320 әскери қызметші қызмет өтеп жүрген орындарында сапалы жай-күймен қамтамасыз етіледі», - деп атап көрсетілген ақпараттық парақшада.
Дереккөз: ҚазТАГ