Атырау, 27 қараша 15:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады

1 452 просмотра

Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнесі ассоциациясына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, маусым айында 2015 жылдың мамыр айымен салыстырғанда Ресейде құрастырылған автомобильдердің Қазақстан нарығындағы үлесі екі пайызға төмендеп, 56,9 межесінде тұр. 2015 жылдың ақпан айымен салыстырғанда ресейлік автокөліктердің сауда нарығындағы үлесі 20 пайызға азайып кетті - 5060 дана. Ресей Федерациясында өндірілген Lada, Hyundai, Kia және Uaz модельді көліктер өз позициясын жоғалтып отыр.

ҚАБА сарапшыларының пікірінше, Ресейде құрастырылған автомобильдердің саудасының әлсіреуі қазақстандық автомобильдерге деген сұраныстың пайда болуымен байланысты. Сауданың негізгі драйвері, сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы болып отыр. Мысалы, 2015 жылдың 2 шілдесіндегі жағдайда 11 миллиард теңгеден аса сомаға 3521 келісімшарт мақұлданды, яғни бұл бағдарлама көлемінің 73,7 пайызы.

"Маусым айында жаңа автомобильдердің саудасы өткен аймен салыстырғанда 5,3 пайызға азайды - 8886 дана жаңа автомобиль мен мамыр айындағы 9392 дана автомобиль қатынасы. Қазақстанда өндірілген автомобильдердің үлесі сәйкесінше өз позициясын ұстап тұр және ол есептік айдағы жалпы ресми сауданың 27,3 пайызы", - деп хабарлады ҚАБА өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 шілде 2015, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.