Атырау, 27 қараша 15:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Серік Ахметовке қатысты қылмыстық іс сотқа табыс етілді

2 741 просмотра

Image 0Алматы. 13 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан экс-премьері Серік Ахметовке қатысты қылмыстық іс сотқа табысталды, деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Қарағанды облысының прокуратурасы лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланғаны, бюджет қаражатын жымқырғаны және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін айыптаулар бойынша экс-премьер министрі С.Н. Ахметовке, облыстың экс-әкімі Б.Т. Әбдішевке, Қарағанды қ. экс-әкімі М.А. Смағұловқа, сондай-ақ облыс әкімдігінің басқа да лауазымдық тұлғалары мен сауда ұйымдарының жұмысшыларына (барлығы 21 тұлға) қатысты қылмыстық іс материалдарын зерттеуді аяқтады», - делінген прокуратураның дүйсенбідегі хабарында.

Сондай-ақ С. Ахметов аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда.

13 шілде күні жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істің мән-жай бойынша қаралуы үшін Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілгені хабарланады.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Іс жүргізу прокурорының мәліметінше, қылмыстық іс 150-ден астам томнан тұрады, іс бойынша 20 күдікті өтуде.

Тергеу іс-әрекеттері өндірісінің біткендігі туралы құжатта барлық 20 күдіктінің аттары аталған: қорғаныс экс-министрі С. Ахметов, Қарағанды облысының экс-әкімі Б. Әбдішев, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ғ. Мұхамбетов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма экс-төрағасы Д. Айтжанов, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ бұрынғы лауазымды тұлғалары Ғ. Матаев пен Е. Қисықов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма экс-төрағасы Г. Рақымжанов, сондай-ақ «Металлургия-Металл өңдеу» Индустриялы паркі» (ММӨИП)» ЖШС бұрынғы жетекшілері мен директор орынбасар ы А. Эссе, Б. Ісқақов, О. Айменбетов, Қарағанды әкімінің экс-орынбасарлары М. Адамбеков пен А. Телғарин.

Сонымен қатар іс фигуранттары қалалық коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшылары А. Жәкенов, М. Шалтақов, қалалық сәулет және қала тұрғызу бөлімінің экс-басшысы мен қызметкері Қ. Мұсаев пен Б. Асқарова, Eco Treatment System және Sapa Project Group фирмаларының жетекшісі Д. Нұрбаев болып табылады.

Тергеу тұжырымы бойынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер кірген топ сыбайлас жемқорлық қылмыстар легін жасаған. Оларға ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру, лауазымды өкілеттерін кері пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, құжаттарды жалған жасау айыптары тағылуда. С. Ахметов $2,4 млн (T360 млн) көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 шілде 2015, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.