Атырау, 27 қараша 15:49
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алматыда прокуратура авиациялық инженерлерге заңсыз берілген 50-ден аса сертификаттың күшін жойды

2 308 просмотра

Image 0Алматы. 13 шілде. ҚазТАГ – Алматы авиациялық көлік прокуратурасы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ тарапынан әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге заңсыз берілген 51 сертификаттың күшін жойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Прокуратураның ұсынысы бойынша инженерлерге заңсыз берілген 51 сертификат кері қайтарылып, күші жойылды, 9 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Осы ретте инженерлерге оқу орталығының сертификатында қарастырылмаған пәндерді оқытқаны түсіндіріледі.

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ны тексеру кезінде әуе кемелеріне қызмет техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге оқу орталығының сертификатында қарастырылмаған академиялық курстарды оқытқан деректер анықталды. Одан әрі қарай біліксіз мамандарды даярлау техникалық қызмет көрсету және, сәйкесінше, ұшулардың қауіпсіздігі сапасынан көрініс табуы мүмкін еді», - деп түсіндірілген хабарда.

Хабарланғандай, жыл басынан бері авиациялық көліктің мемлекеттік бақылау органдары мен кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында прокуратура заңдылықтың 77 бұзушылығын анықтады, тәртіптік жауаптылыққа 28 тұлға тартылды, әкімшіліктікке – 30.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 шілде 2015, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.