Атырау, 27 қараша 15:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қарағандыда салынып жатқан сауда үйі құлады

2 544 просмотра

Image 0Қарағандыда "Алтын Арба" базарының аумағында салынып жатқан сауда үйі құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 10 шілде күні сағат 12.55-те болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 450 шаршы метр аумақты алатын металл шыбықпен арматураланған ағаш жабындар құлады. "Оқиға салдарынан "Атлант Билдинг" ЖШС-ның бетоншысы, 1981 жылы туылған азамат жарақат алып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Ғимарат құлаған орынға Жедел-құтқару отряды ММ-дан 3 адам мен 1 техника, Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары ММ-дан 10 адам мен 2 техника жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылордада салынып бітпеген бес қабатты үй құлаған болатын. Оқиға 24 наурызда 17.20-да Шүкіров көшесінде болды. Төтенше жағдай кезінде құрылысқа он адам жұмылдырылған болатын, оның біреуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Біріншісі қалалық ауруханаға жеткізілсе, екіншісі ауруларды қабылдау бөлмесінде қаралғаннан кейін үйіне жіберілді. Мамандар іргетасының қаланған жері ашылып кеткендіктен, бетон қабырғалардың құрылыстың ішіне қарай құлай бастағанын айтты. Нысанның құрылысы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.