Атырау, 27 қараша 15:25
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанның инвестициялар және даму вице-министрі қызметінен кетті

2 551 просмотра

Image 0ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев арызына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. Бұл ақпаратты ведомстводағылар растады.

"Ия, вице-министр Ерлан Сағадиев өз қызметінен кетті. Дегенмен премьер қол қойған құжатты әлі көргем жоқ", - деді Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ерлан Сағадиев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, ол "экономика" мамандығын бітірген. Миннесота штаты унисверситетінің ғылым магистрі. Еңбек жолын ҚР Сыртқы істер министрлігі Қолданбалы экономика департаментінде халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту хатшысы қызметінен бастады. Дүниежүзілік банк департаменті ауылшаруашылығы жағдайына анализ жасау ассистенті қызметін де атқарған. Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінде куратор да болды.

Ерлан Сағадиев Халықаралық Бизнес Университеті президенті, Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2007 жылы), сонымен қатар Аймақтық қаржы орталығы академиясының директорлар кеңесінің төрағасы да болды.

2014 жылдың ақпанында индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қайта ұйымдастырудан кейін 2014 жылдың тамызында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2015, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.