Бейсенбі күні, 9 шілдеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бірнеше мәлімдеме жасады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz арнайы тілшісі Уфа қаласынан.
"Қазақстан бүгінгі әлемнің көкейкесті проблемаларын шешуде өзге елдермен өзара әрекет етуін жалғастыруға дайын. Олардың бірі - терроризм. (...) Мұнымен БҰҰ қамқорлығындағы дүниежүзілік желі құру арқылы ғана күресуге болады. Мұнда Гани мырзаның (Ауғанстан президенті - Авт.) және Рухани мырзаның (Иран Ислам республикасының президенті - Авт.) айтқанымен келісер едім. Біз БҰҰ бас ассамблеясының 70 жылдығының күн тәртібіне зұлымдықпен күрес бойынша дүниежүзілік желі құру мәселесін қоюымыз керек, себебі қазір болып жатқан әрекеттерді түп-тұқиянымен жоюымыз керек, оның ішінде қаржы мүмкіндіктері және тағы басқалары. Бұл бүкіл әлемге, ал бәрінен бұрын біздің аймаққа қауіпті", - деді Қазақстан Президенті кездесуге қатысушыларға.
Нұрсұлтан Назарбаев Уфада өткізіліп жатқан БРИКС және ШЫҰ саммиттерінің оның қатысушыларының әлемдік процестер қозғалысының фарватересінің дәлелі екенін айтты. "Көпполярлық әлемнің қалыптасуы, жаһандық қатер мен қауіптер, сонымен қатар, елдердің және аймақтардың өзара тәуелділігінің өсуі бүгін жаңа күн тәртібін туғызып отыр. Бұл жағдайларда біздің ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС сияқты ұйымдарымыз басты роль атқарады. Көлік коммуникацияларының жатық және тік желілері өсуге жақсы мүмкіндіктер береді. Жаһандық қаржы экономикалық дағдарыс бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Роуссефф ханымның (Бразилия президенті - Авт.) айтқанындай, бұл Lehman Brothers-тен басталды, әлемнің ең дамыған елінен және оның салдарынан әлі де өтіп жатырмыз. Оның құндылығы халықаралық қоғамдастықтың бір шындықты түсінуі, ол - терең проблемалар мен дефектілерді жою, теңсіздіктердің күш біріктірусіз мүмкін емес екендігі түсіну", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін БРИКС бейресми мемлекетаралық бірлестік саммиті аясында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров сөз сөйледі. Ол "Ислам мемлекеті" ұйымын және өзге де террорлық ұйымдардың абсолютті зұлымдық екенін, сонымен қатар, Уфада өткізіліп жатқан саммиттің аясында бірқатар елдің басшылары осы тақырып бойынша тиісті құжаттарға қол қоятынын атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz